Пятница, 24 июля, 2026
Басты бетЖаңалықтарЖамбыл ауданында «Әділет» партиясының сайлауалды штабы жұмысын бастады

Жамбыл ауданында «Әділет» партиясының сайлауалды штабы жұмысын бастады

Ұзынағаш ауылында «Әділет» партиясының Жамбыл аудандық сайлауалды штабының ашылу рәсімі өтті.


Осылайша партия Жамбыл ауданында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына ресми түрде кірісті. Жиын барысында штаб құрамы таныстырылып, алдағы науқанның негізгі міндеттері белгіленді.

Партия сайлауға «Әділетті болашақ үшін» атты сайлауалды бағдарламасымен қатысады. Бағдарламада «Заң мен Тәртіп», «Тиімді жұмыс істейтін институттар», «Өңірлер мықты болса – ел мықты», «Халық үніне құлақ асатын үкіметтің әрекеті», «Әділ, бәсекелі экономика», «Цифрлық мемлекет», «Атаулы әлеуметтік қолдау», «Адам әлеуетін дамыту», «Жаңа қоғамдық мәдениет» және «Жауапты орта держава» бағыттары қамтылған.

Алдағы уақытта штаб мүшелері аудан тұрғындарымен кездесулер өткізіп, сайлауалды бағдарламаны таныстырады және сайлаушылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдайды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments