Четверг, 10 сентября, 2026
Басты бетЗаң мен тәртіпЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

 

Қоғамда заңға құрмет пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру – құқық бұзушылықтың алдын алудың маңызды тетігі. Осы орайда Жамбыл ауданында «Заң мен тәртіп» қағидатын кеңінен насихаттау, әсіресе өскелең ұрпақ арасында құқықтық сауаттылықты арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Осы бағыттағы жұмыстар аясында Жамбыл ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Амалбек Ықылас Еркінұлы төрағалық етті. Отырысқа аудан прокуроры Азамат Қырықбайұлы Сұртаев, комиссия мүшелері, құқық қорғау және мүдделі мемлекеттік органдардың, білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде колледждердегі оқу-тәрбие жұмыстары, білім алушылардың тұрмыстық жағдайы мен жатақханалардағы қауіпсіздік талаптарының сақталуы қаралды. Сонымен қатар 2026 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар талқыланды.

Жиында Ұзынағаш медициналық кәсіптік колледжі мен Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжінің өкілдері білім алушылармен жүргізіліп жатқан тәрбие жұмыстары мен олардың жағдайы жөнінде баяндама жасады. Ювеналдық полиция өкілі ауданда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қабылданып жатқан профилактикалық шаралар туралы ақпарат берді.

Комиссия мүшелері жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықпен күресте оның салдарымен ғана емес, алдын алу шараларымен жүйелі айналысу маңызды екенін атап өтті. Бұл ретте ата-ана, білім беру ұйымдары, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік мекемелердің өзара бірлескен жұмысына ерекше мән берілді.

«Заң мен тәртіп» қағидатының негізгі мақсатының бірі – азаматтардың, соның ішінде жасөспірімдердің заң талаптарын құрметтеуін қалыптастыру, құқықтық жауапкершілікті арттыру және қауіпсіз қоғам құру. Сондықтан білім беру ұйымдарында құқықтық түсіндіру және профилактикалық кездесулерді тұрақты өткізу маңызды.

Отырыс қорытындысында балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын күшейту бойынша жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берілді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments