Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетЖемқорлыққа жол жоқЖемқорлық — індет, жою —міндет

Жемқорлық — індет, жою —міндет

                  

       Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңында сыбайлас жемқорлыққа мынадай анықтама берілген: бұл – «…жеке түрде немесе делдалдар арқылы мүліктік игіліктерді заңсыз алу және мемлекеттік қызмет атқарушы тұлғалардың, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалардың өз лауазымдық өкілеттіктері мен өкілеттеріне қатысты мүмкіндіктерін мүліктік пайда табу үшін жеке басына пайдалануы, сондай-ақ аталмыш тұлғаларға жеке және заңды тұлғалардың көрсетілген игіліктер мен жеңілдіктерді құқыққа қайшы түрде пара  ұсыну жолымен сатып алуы».

   БҰҰ-ның құжаттарында қолданылатын жемқорлық терминінің халықаралық-саяси анықтамасы мынадай деп берілген: сыбайлас жемқорлық – бұл мемлекеттік билікті жеке бас пайдасы үшін, үшінші бір тұлғалар мен топтардың мақсаты үшін асыра пайдалану.

    Қарапайым тілмен айтатын олсақ, сыбайлас жемқорлық – бұл қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану. Сыбайлас жемқорлықты білдіретін белгілердің бірі пара  алу не беру болып табылады.

   Пара дегеніміз не? Бұл лауазымды тұлғаның басқа бір тұлғадан лауазымына қатысты көрсететін  қандай да бір қызмет түріне берілетін ақша немесе өзге игіліктерді алуы. Бұл жағдайда көрсетілген ақша мен игіліктерді әрдайым парақордың  жеке өзі алмайды, оларды көбіне оның жақын адамдарына немесе жасанды жалған ұйымдарға ұсынады. Пара деп саналатын нәрселер:

-Заттар – ақша, оның ішінде валюта, банк түбіртектері мен құнды қағаздар, бағалы металдар мен                                                                      асыл тастардан жасалған бұйымдар, автокөліктер, пәтерлер, саяжайлар мен қала сыртындағы үйлер, азық-түліктер, тұрмыстық техника мен аспаптар, өзге тауарлар,  жер учаскелері және  өзге жылжымайтын мүлік.

-Қызмет түрлері және олжа – емделу, жөндеу және құрылыс жұмыстары, санаторлық және туристік жолдамалар, шетелдік сапар, ойын-сауықтар мен басқа шығындарды  өтеусіз немесе  төмен бағамен төлеу.

Егер мемлекеттік қаражатты сыбайлас жемқорлық тәсілмен бөлсе, не болар еді?

Мысалы: Мемлекеттік орган аурухана салу немесе оны жөндеуден өткізуге келісімшарт жасасады. Шарт жасасу кезінде жек емемлекеттік қызметкершартты онымен «сенімдік қарым-қатынасқа» түскен фирма өкілдеріне ұсыну үшін олардан пара алады. Бірақ та бірде бір фирма параға кеткен шығындар есебінен өзіне залал келтіре отырып жұмыс жасамайды. Сондықтан «рұқсат» алған мұндай фирма жұмыстың және қолданатын материалдардың сапасын төмендетеді, оған қоса олардың құнын  көтеріп жібереді. Соңында  тек қоғам зардап шегеді.

    Сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тек зиянын тигізіп қоймай,  сонымен бірге оң нәтижеге жеткізбейтінін естен шығармауымыз қажет! Өйткені сыбайлас жемқорлық тәсімінде параны көбірек беруші ғана жеңіске жетеді. Бір қорқыныштысы – сыбайлас жемқорлықпен айналысу сол тұлғамен оның жақындарының сана-сезіміне залал  келтіріп, дүниетанымдарын бұзады.

Бұл әлеуметтік қауіпті құбылыспен күресудің өзектілігі бірқатар жағдайларғ негізделген:

  • сыбайлас жемқорлық азаматтардың конституциялық құқықтары мен еркіндіктерінің шындап бұзылуына әсер етеді;
  • сыбайлас жемқорлық қылмыстың субъектілері әдетте жоғары қоғамдық жағдайда болады;
  • әбден жетілдірілген зияткерлік тәсілдермен айналысу; бұл құбылыс әртүрлі жағдайларға үздіксіз өзгере және жетілдіріле отырып бейімделеді;
  • осы іс-әрекет келтіретін үлкен материалдық және моральдық шығын;
  • ерекше беймәлімсіздік – бұл құбылыс туралы толық деректің немесе көрнекі дәлелдің жоқтығы, қылмыстық сотқа тартылатын кінәлі тұлғалардың аздығы және олардың тек бірен-саранына ғана шынайы қылмыстық жаза қолданылуы;
  • сыбайлас жемқорлық тек жасырын сипатта ғана емес, сонымен қоса келісімді түрде жасалады, қағида бойынша ол ө артынан шағым тудырмайды, өйткені кінәлі тараптар заңсы зжасалған мәміледен өзара тиімд іпайдаға ие болады;
  • сыбайлас жемқорлық  әрекеттер әдетте кәсіби емес адамның тексеріп қарауына қиын соғатын күрделі өзіндік және құпия мемлекеттік қызмет түрлерінде жасалады;
  • сыбайлас жемқорлық мемлекеттік аппаратқа деген шынайы сенімді жойдырады, оның беделін түсіреді;
  • аталмыш құбылыс мемлекеттік өкімет құрылымдарында тез тарайды;
  • шын мәнісінде, заңмен қорғалатын барлық қоғамдық қатынастар сыбайласқан лауазымды тұлғалардың қылмыстық әрекеттерінің объектісі бола алады.

     Жоғарыда айтылған тізім жеткілікті толық болып табылмайды, бірақ соның өзі де дәл қазіргі кезде  сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша теориялық ережелерді дайындауда, сондай-ақ күнделікті әрі тәжірибелік жұмыстар жүргізуде  өткір қажеттілікті талап ету уақытының келгендігі туралы  куәландырады. Алайда қандай да бір құбылысқа қарсы тұруға шақырмас бұрын, сол құбылысты анық және нақты түрде анықтау  қажет және ол жамандықтың шығу себептері мен механизмін   талдап қарастыру керек.

  

Е.Үстелбаев,

Жамбыл аудандық сотының төрағасы 

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments