Құқықтық мемлекет құру жолында заң мен тәртіптің орны ерекше. Заңның үстемдігі қамтамасыз етілген қоғамда азаматтардың құқықтары қорғалып, қоғамдық қауіпсіздік пен тұрақтылық сақталады. Сондықтан заң талаптарын сақтау әрбір азаматтың басты міндеті болып табылады.
Бүгінде елімізде құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, заң бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға ерекше көңіл бөлінуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында заң мен тәртіп қағидатын берік ұстанудың маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Бұл бастама қоғамдағы жауапкершілік пен әділеттілікті нығайтуға бағытталған.
Заңды құрметтеу – өркениетті қоғамның басты белгісі. Әрбір азамат өз құқықтарын ғана емес, міндеттерін де жақсы білуі қажет. Әсіресе жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын түсіндіру және құқық бұзушылықтың алдын алу маңызды. Өйткені бүгінгі жас ұрпақ – еліміздің ертеңгі тірегі.
Қоғамдық тәртіпті сақтау тек құқық қорғау органдарының міндеті емес. Бұл – барша азаматтың ортақ жауапкершілігі. Көшеде, қоғамдық орындарда, жол қозғалысында немесе күнделікті өмірде заң талаптарын сақтау арқылы әр адам қоғамдағы қауіпсіздік пен тұрақтылыққа өз үлесін қоса алады.
Заң мен тәртіп салтанат құрған елде әділдік орнығып, халықтың мемлекетке деген сенімі артады. Ал сенім мен тұрақтылық – елдің дамуы мен өркендеуінің басты кепілі. Сондықтан әрбір азамат заңды құрметтеп, тәртіпті сақтауды өмірлік ұстанымына айналдыруы тиіс.
Заңға бағыну – міндет, тәртіпті сақтау – мәдениет. Осы қағидаларды берік ұстанған қоғам ғана жарқын болашаққа қадам басады.
“Атамекен ақпарат”



