Воскресенье, 24 ноября, 2024
Басты бетUncategorizedЗейнеткерлерді зеріктірмейтін орталық ашылды

Зейнеткерлерді зеріктірмейтін орталық ашылды

Алматы облысы Есік қаласында зейнеткерлердің бос уақытын тиімді өткізуге арналған орталық ашылды.

«Белсенді ұзақ өмір» деп аталатын орталықта қарттарға мол мүмкіндік жасалған. Онда олар өзара әңгімелесе отырып, шығармашылықпен айналысады. Медициналық көмек алады. Сондай-ақ, салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданады.

Алматы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айгүл Ахметова орталық жұмысы зейнеткерлердің уақытын тиімді өткізуге, денсаулығын түзеуге, ұзақ өмір сүруіне септігін тигізетінін айтты.

Ғимарат іші замануи аппараттармен жабдықталған. Атап айтқанда, медициналық, іс тігу, массаж және психологиялық көмек көрсету кабинеттері бар. Сонымен қатар тоғызқұмалақ пен шахмат ойнауға арналған бөлме, кітапхана да орналасқан.

Шара аясында агро-краудсорсинг, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы сынды мекемелермен меморандумға қол қойылды. Орталықта бір күнде 80 адамға 14 маман әлеуметтік қызмет көрсете алады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments