Цифрлық технологиялардың дамуымен бірге интернет алаяқтығы да артып келеді. Алаяқтар әлеуметтік инженерия, фишинг және жалған интернет-ресурстар арқылы азаматтардың жеке деректері мен қаржыларын иемденуге тырысады. Бұл мәселенің алдын алуда әрбір азаматтың сауаттылығы мен сақтығы маңызды рөл атқарады.
Ұсынылатын сақтық шаралары:
-
банк картасының деректері мен SMS-кодтарды үшінші тұлғаларға бермеу;
-
күмәнді сілтемелер мен белгісіз қосымшалардан бас тарту;
-
онлайн сауда кезінде тек ресми әрі сенімді платформаларды пайдалану;
-
кез келген хабарламаны ресми дереккөздер арқылы тексеру.
Интернет алаяқтығына тап болған жағдайда, дереу 102 нөмірі бойынша құқық қорғау органдарына хабарласу қажет. Бұл шара алаяқтардың әрекетін тоқтатып, залалдың алдын алуға мүмкіндік береді.
#ИнтернетАлаяқтық #КиберҚауіпсіздік #СақБолыңыз #102


