Пятница, 13 ноября, 2026
Басты бетЖаңалықтарКегеннің туристік әлеуетін дамытуға 22,3 млрд теңге бағытталмақ

Кегеннің туристік әлеуетін дамытуға 22,3 млрд теңге бағытталмақ

 

Кеген ауданында жалпы құны 22,3 млрд теңгені құрайтын бес ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Құрылыс жұмыстары 2029 жылы толық аяқталады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Таңат Айдарбеков мәлімдеді.

Бүгінде ауданда 3 қонақ үй, туристерді қабылдайтын 100-ден астам үй және жазғы маусымда қызмет көрсететін 350-ге жуық киіз үй бар. Биыл Көлсай көлдері ұлттық табиғи паркіне 500 мыңға жуық турист келген.

Сонымен қатар Саты ауылы, Көлсай және Қайыңды көлдерін электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін 55 шақырым электр желісін тарту жобасы қолға алынған. Ал Қайыңды көліне апаратын 10 шақырымдық жолдың күрделі жөндеуі толық аяқталып, пайдалануға берілді.

Сондай-ақ Саты ауылында 1,5 гектар аумақта автотұрақ салынып, құрылыс жұмыстары аяқталды.

Аталған жобалар туристік инфрақұрылымды жақсартуға, инвестиция тартуға және жергілікті кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Басты мақсат – Кеген ауданын отандық және шетелдік туристерге танымал туристік бағыттардың біріне айналдыру.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments