жалпыұлттық коалициясының өкілдері Жамбыл ауданындағы Талап ауылдық округінде тұрғындармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында жаңа Конституция жобасындағы адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты маңызды нормалар талқыланды. Атап айтқанда, 15-бапқа сәйкес әрбір адамның өмір сүруге, қадір-қасиетінің қорғалуына және жеке басының еркіндігіне құқығы бар екені ерекше атап өтілді.
Коалиция мүшесі Ықылас Амалбек бұл норманың маңызын түсіндіріп өтті:
«Жаңа Конституцияда адам құқығы ең жоғары құндылық ретінде айқындалған. Әрбір азаматтың өмірі, ар-намысы мен еркіндігі мемлекет қорғауында болады. Бұл – әділетті қоғам қалыптастырудың негізгі тірегі», – деді ол.
Кездесу ашық форматта өтіп, тұрғындар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Мұндай кездесулер халықтың реформаларға қатысуын арттырып, сенімді нығайтуға бағытталған.



