Вторник, 7 мая, 2024
Басты бетUncategorizedКолледж студенттерінің шәкіртақысы биыл 50 пайызға өседі

Колледж студенттерінің шәкіртақысы биыл 50 пайызға өседі

Биыл колледж студенттерінің шәкіртақысы 50 пайызға өсірілгелі отыр. Демек, енді алғашқы мамандығын меңгеріп жатқан қыз-жігіттер ай сайын 31 422 теңге емес, 41 896 теңге алады. Ал, біліктілігі бар студенттер үшін шәкіртақы көлемі 32 681 теңгеден 43 574 теңгеге дейін көтерілмек.

Оқу-ағарту министрлігінің дерегінше, өткен жылы 250 мыңға жуық студенттің стипендиясы 50 пайызға ұлғайтылған. Ал, биыл шамамен 300 мыңдай жастың шәкіртақысы тағы 50 пайызға артады. Айта кету керек, соңғы жылдары мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттер қатары көбейіп келеді. Мәселен, бұған дейін 95 мыңнан астам колледж студенті бюджет есебінен білім алса, өткен жылы тегін білім алған тәлімгер саны 133 мыңға жетті.

Ал ведомство басшысы Ғани Бейсембаев, елімізге қажетті мамандықтарды меңгеруге ниетті студенттерді 100 пайыз тегін оқыту көзделгенін айтып отыр.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments