Алматыда әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға кәсіп бастау үшін 1,73 млн теңгеге дейін қайтарымсыз грант беру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Қолдау алған жобалар арасында өндіріс, қоғамдық тамақтану, тігін, автосервис, IT және басқа да салалар бар. Бұл бастама азаматтардың өз кәсібін ашып, табысын арттыруына мүмкіндік береді.


