Четверг, 10 сентября, 2026
Басты бетПослание президентаМемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

 

➡️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» қорының қызметі, негізгі өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің орындалуы және ірі инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы туралы есепті тыңдады.

Нұрлан Жақыпов:

➤ 2026 жылы Қор 3,2 триллион теңгенің инвестициялық жобаларын түйіндеуді жоспарлап отырғанын айтты. 

✔️Соның ішінде Мойынты – Қызылжар, Дарбаза – Мақтаарал теміржол желілерін салу, Алтынкөл – Жетіген, Бейнеу – Маңғыстау теміржол учаскелерін жаңғырту, Қашаған кен орнындағы газ өңдеу зауытының құрылысы, Алматы екінші жылу электр орталығын жаңғырту, Түркістан облысында бу-газ қондырғысын және гибридті электр станциясын салу жобасы бар. 

✔️Сонымен қатар Астанадағы деректерді өңдеу орталығының құрылысы мен Каспий теңізінің табанына талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу жұмыстары аяқталуға жақын.

➤ Қордың инвестициялық портфелі жөнінде мәлімет берді.

✔️Аталған бағытта 2027-2029 жылдары энергетика, мұнай-газ секторы, көлік және цифрлық инфрақұрылым салалары бойынша 21 триллион теңгеге 38 жобаны іске асыру көзделіп отыр.

➤ Қордың әлеуметтік жобаларының орындалуы туралы баяндады.

✔️Медициналық және әлеуметтік нысандар салуға басымдық беріліп, мүгедектігі бар балаларға арналған 55 орталық және 46 инклюзия кабинеті ашылған, спорттық және білім беру инфрақұрылымын дамытуға назар аударылып отыр.

Президент:

📌Қор жұмысының негізгі бағыттарына қатысты бірқатар міндет жүктеді.

t.me/aqorda_resmi

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments