Четверг, 5 декабря, 2024
Басты бетЖаңалықтарМүгедектерге көмек көрсету туралы

Мүгедектерге көмек көрсету туралы

2021 жылдың қаңтар-наурыз айларында мүгедекті жеке оңалту бағдарламасы бойынша, 317 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен (памперспен), 36 мүгедек ымдау тілі маманымен, І топтағы 175 мүгедек жеке көмекшімен қамтылды.

Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету бойынша əлеуметтік қызметтер порталы арқылы 8 мүгедекке 8 құрал жіберілді.

Мүгедектерді сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз ету бойынша əлеуметтік қызметтер порталы арқылы 5 мүгедекке 10 құрал жіберіліп жəне 1 мүгедек 1 құралмен қамтамасыз етілді.

Мүгедектерді тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету бойынша əлеуметтік қызметтер порталы арқылы 4 мүгедекке 5 құрал жіберіліп жəне 4 мүгедек 5 құралмен қамтамасыз етілді.

Арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету əлеуметтік қызметтер порталы бойынша 17 мүгедекке 24 құрал жіберіліп жəне 14 мүгедек 21 құралмен қамтамасыз етілді.

Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету бойынша əлеуметтік қызметтер порталы арқылы 206 мүгедек жіберіліп, бүгінгі күнге 78 мүгедек санаторлы-курорттық емдеумен қамтамасыз етілді.

«Инватакси» қызметін дамытуға мемлекеттік əлеуметтік тапсырысты орналастырып, 2015 жылғы маусымның 1-нен бастап ауданда «Инватакси» автокөлігі өз жұмысын атқаруда. Бүгінгі күнге дейін 2 «Инватаксиге» 52 мүгедектен 883 сұраныс қабылданып, денсаулық сақтау бөліміне, жұмыс орындарына, бассейнге жəне МСЭК-ке тасымалдау жұмыстары жүргізілуде.

Ауданда «Айриз-Қамқор», Мүгедек спортшылар федерациясы, «Ақжамбы» мүгедек балалар қоғамы, «Мүгедектерге көмек көрсету Ұзынағаш қоғамы» жұмыс атқаруда.

Жамбыл аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына жыл басынан бері 53 мүмкіндігі шектеулі азамат өтініш білдіріп, оның ішінде 32 мүгедек тіркелді. Нəтижелі жұмыспен қамту жəне жаппай кəсіпкерлікті дамыту бағытында 2017- 2021 жылдарға арналған Еңбек бағдарламасы бойынша жыл басынан əлеуметтік жұмыс орындарына 2 азамат, қоғамдық жұмыстарға 33 азамат өтті. Тұрақты жұмыс орындарына 26 азамат орналастырылды, оның ішінде 21 азамат квота арқылы өтті.

Қазақстан Республикасы Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектерге арналған əлеуметтік қызметтер порталын іске қосты. Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалту техникалық құралдарын өндіруші мен жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмектің кепілдік берілген түріне тапсырыс беру электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалту техникалық құралдарын жеткізу арқылы алуға немесе мүгедектің өзінің алып кетуіне болады.

«Əлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін ендіру мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету жəне өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде көзделген.

Қазіргі таңда ақпараттық технологиялар біздің өмірімізге жаңа серпін əкелуде. Бүгінде үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызмет түрлерін алуға болады. Бірақ ол үшін Сіздің жеке электрондық цифрлық қолтаңбаңыз болуы қажет.

ЭЦҚ (Электронды цифрлық қолтаңба) – электрондық құжаттың заңды күші болуы үшін қағаз түріндегідей қойылатын жеке адамның қолы. Ол біздің жазбаша қолтаңбамыз сияқты емес, сандар жиынтығы болып табылады. Сол себепті мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасына сəйкес, протездік-ортопедиялық құралдар, сурдотехника, тифлотехника, міндетті гигиеналық құралдар арнаулы əлеуметтік қызметкерге, жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының қызметтерін алатын мүгедектерге ЭЦҚ (Электронды цифрлық қолтаңба) болуы керектігін хабарлаймыз.

Ж.ҚАРЫМБАЕВ, бөлім басшысы.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments