Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетМӘМСМӘМС жарналарын бір жыл бұрын кім төлей алады?

МӘМС жарналарын бір жыл бұрын кім төлей алады?

Дербес тәуелсіз төлеушілер

Дербес төлеушілер деген кімдер?
Дербес төлеушілер қатарына ресми түрде жұмыс істемейтіндер, жеке кәсіпкер (ЖК) емес сондай-ақ бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ)төлеуші емес тұлғаларды жатқызамыз

Бір жыл бұрын қанша төлеу керек?
Бір жыл ішіндегі МӘМС жарналарының сомасы 42000 теңгені құрайды, әр айға жеке 3500-ден төлеу қажет

МӘМС жарналарын дербес төлеуші ретінде қалай төлеу керек?
Жарналарды ағымдағы айдан бастап төлеу керек. Егер қазір ағымдағы ай 2023 жылдың наурызы болса, онда жарналарды «23 наурыз-24 ақпан» кезеңі үшін төлеу керек
Жарналарды әр ай үшін жеке төлеу қажет (3500 теңгеден)
Жарналарды кез келген банкте, АҚ «Қазпошта», төлем терминалдары немесе банктердің мобильді қосымшалары арқылы төлеуге болады

2024 жылдың кезеңдеріне МӘМС жарналарын қандай сомалар бойынша төлеу қажет?
2023 жылы 2024 жылдың кезеңдері үшін төлеген кезде МӘМС жарналарын ағымдағы жылдың, яғни 2023 жылдың сомасы бойынша ай сайын 3500 теңгеден төлеу қажетМӘМС-те сақтандыру мәртебесі қанша уақыттан кейін беріледі?

Егер барлық шарттар орындалса:
болашақ 12 ай төленген болса (ағымдағы айдан бастап)
барлық 12 төлем бір күнде төленсе
содан кейін сақтандыру мәртебесі 3 жұмыс күні ішінде беріледі

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments