Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарОБЛЫСТЫҚ «САНАЛЫ ҰРПАҚ» ЕРІКТІ КЛУБЫНЫҢ СЛЕТІ ӨТКІЗІЛДІ

ОБЛЫСТЫҚ «САНАЛЫ ҰРПАҚ» ЕРІКТІ КЛУБЫНЫҢ СЛЕТІ ӨТКІЗІЛДІ

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау, құқықтық сананы қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы алынған ақпаратты дұрыс қабылдай білуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында бүгін облыстық «Саналы ұрпақ» ерікті клубының слеты өткізілді.
Жемқорлыққа қарсы тұру – Қазақстан саясатындағы аса маңызды стратегиялық басымдықтың бірі әрі бірегейі. Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойында жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың үлкен орын алатындығы айтпаса да түсінікті. Осыған орай студенттер мен педагогтерге жауапты міндет жүктеледі. Алматы облысындағы білім беру кеңістігінде жасөспірімдердің мінез-құлқында жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру мақсатты әрі жүйелі түрде жүргізіледі. Осы бағыттағы жұмыстарда «Саналы ұрпақ» ерікті клубтарының орны ерекше.
Осы орайда, жыл бойы клубтардың атқарған іс-шаралардың қорытындысы бойынша, барлық клубтардың жұмыстары бағаланып, Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің алаңында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында өткен облыстық «Саналы ұрпақ» студенттік клубтары слетінің марапаттау рәсімі өткізілді. Іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ернар Мақажанов, Алматы облыстық білім басқарма басшысының міндетін атқарушы Гүлсара Исағұлова, клубтардың өкілдері, студенттер қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша:
Бас жүлде иегері – Сарқан политехникалық колледжі;
І орын иегері — Талдықорған сервис және технология колледжі;
І І орын иегері – Талдықорған жоғары политехникалық колледжі;
І І І орын иегері – Қапал кәсіптік – техникалық колледжі;
«Үздік антикоррупциялық бейнеролик» номинациясы бойынша Талдықорған агро-техникалық колледжі;
«Үздік акция және флешмоб» номинациясы бойынша Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі;
«Үздік тематикалық іс-шара» номинациясы бойынша С.Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжі.
Жоғарыда көрсетілген жеңімпаздар, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті нығайту жөніндегі бастамалар мен жемқорлыққа қарсы шараларға белсене қатысқан клубтар номинациялар бойынша бағалы сыйлықтармен, мадақтамалармен марапатталды.
Әрбір қазақстандық, әрбір отбасы жемқолықпен күрестің қоғамға ортақ іс екендігін, сонымен бірге әр азаматтың борышы болып саналатындығын жете түсінуге тиісті. Сондықтан да студенттерді отансүйгіштікке, қоршаған орта мен салт-дәстүрлерді құрметтеуге, білім мен еңбекке құлшынысқа, тәртіптілік пен адалдыққа баулу керек. Білім мен тәрбие адам бойында жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуының негізі болып саналады. Жемқорлыққа қарсылық білім берудің барлық сатысында жүргізілуге тиісті және мемлекеттік білім стандарттары аясында, жалпы білім беру бағдарламаларына негізделген, қоғам мен мемлекеттің, жеке тұлғаның мүдделеріне ыңғайластырылған білім беру мен тәрбиелеудің мақсатты үдерісі ретінде ел игілігіне қызмет етуге міндетті.
«Саналы ұрпақ» ерікті клубтарын осы тұрғыда студенттер бойында жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыратын, құқықтық сана мен мәдениеттің деңгейін арттыратын ерікті бірлестік ретінде қабылдауға болады. Бұл қозғалыс жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып қана қоймай, құқықтық білімді де кеңінен насихаттайды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments