Понедельник, 15 июня, 2026
Басты бетЖаңалықтарОфициальное сообщение партии «Әділет»🔻🔻🔻

Официальное сообщение партии «Әділет»🔻🔻🔻

Әділет» партиясы AMANAT партиясының басшылығы мен мүшелеріне біздің партия құрамына қосылу туралы қабылдаған шешімі үшін шынайы алғыс айтады.

Біз бұл шешімді маңызды әрі жауапты қадам деп санаймыз. Әрі оны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстанды құруға және азаматтардың мүддесіне сай жүйелі реформаларды жүзеге асыруға бағытталған саясатын қолдау деп қабылдаймыз.

Бүгінде алдымызда халықтың игілігі үшін еңбек ету, азаматтардың өмір сапасын арттыруға ықпал ету, заң үстемдігі мен әділеттілікті нығайту, елдегі оң өзгерістерді қолдау сынды ортақ мақсат тұр.

«Әділет» партиясы жауапкершілік, адал еңбек және Қазақстанның даму жолындағы құндылықтарын қолдайтын барша азаматқа ашық. Біз бірге халықтың әл-ауқатын арттыруға және мемлекеттің тұрақты дамуына бағытталған бастамаларды ілгерілету жұмысын жалғастырамыз

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments