Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетСайлау 2022САЙЛАУҒА ЖАСТАРДЫҢ КЕЛІП ЖАТҚАНЫ ҚАТТЫ ҚУАНТТЫ

САЙЛАУҒА ЖАСТАРДЫҢ КЕЛІП ЖАТҚАНЫ ҚАТТЫ ҚУАНТТЫ

Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Дәулет Жарасбаев Жамбыл ауданына келіп, өзі тіркелген дауыс беру орнында таңдауын жасады. Қарғалы ауылындағы Құдыс Әбсәметов атындағы орта мектебінде орналасқан №281 сайлау учаскесіне келушілердің белсенділігі жоғары болғанын айтты халық қалаулысы.

Бізге берген сұхбатында ол сондай-ақ Президент сайлауының маңыздылығына тоқталды. «Қазақстан азаматы ретінде мен де өз сайлау учаскеме келіп, дауыс бердім. Өзім осы мектептің түлегімін. Байқауымша, халықтың белсенділігі жоғары. Адамдардың жүзі жарқын. Мектеп алдында дауыс үдеткішпен балалар ән айтып тұр. Бүгін ел өміріндегі өте маңызды күн, халқымыз алдағы жеті жыл мерзімге өз Президентін сайлап жатыр. Әрбір азамат өз борышын орындап, еліміздің болашағы үшін өз таңдауларын жасауда. Себебі алдағы жеті жылда Қазақстанды кімнің басқаратыны өте маңызды. Бәріміз де еліміздің өсіп-өркендеуін қалайтынымыз анық. Сондықтан мұның алдында заңмен белгіленген үгіт-насихат уақытында ел аралап, халқымыз бір, еліміз бір, олай болса мемлекетіміздің болашағына немқұрайды қарамай, сайлауға қатысу керектігін түсіндірген болатынбыз. Соның нәтижесін бүгін көргендеймін. Қуана келіп жатқандай әсер алдым. Бүгін ауа райы да керемет. Осы ауданда бірнеше сайлау учаскелерін сыртынан бақыладым. Бәрінде көңілді әуен ойнап, концерт қойылып, отбасыларымен келгендер суретке түсіп жатқанын көрдім. Кей жерлерде тіпті дәмді ас әзірленіп, жәрмеңке ұйымдастырылыпты. Соған қарағанда мерекелік ауан қалыптасқан. Әсіресе жастарды көптеп көргеніме қуандым. Мұны олардың жаңа Қазақстан үшін дауыс бергені деп түсіндім», — дейді Дәулет Жамалбекұлы.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments