Суббота, 18 мая, 2024
Басты бетАйбынСарбаз болу – әр жігітке жарасады

Сарбаз болу – әр жігітке жарасады

Қазан айында ҰҚК Шекара қызметінің сапын толықтырғандарына көп болмаған «Күз-2023» шақырылымының сарбаздары Отанына адал қызмет етуге ант берді. Қалың жұртшылық қатысқан салтанатты рәсім Алматы облысы бойынша департаментінің Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасында есте қаларлықтай болып өтті.

...Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің күз айында әскерге шақырылған жас сарбаздарға арналған шара Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасында өтті. Бүгін мұнда 400-ден аса сарбаз Отан алдындағы серттеріне селкеу түсірмеуге серт берді.

Алматы облысы бойынша департаментінің бастығы полковник Ә.Каюповқа шекара басқармасының бастығы полковник А.Бектасоврапорт берді. Содан кейін департамент бастығының бұйрығымен, Мемлекеттік ту көтеріліп, еліміздің Әнұраны орындалды.

Күні ертең ұлт айбарына айналатын сарбаздарымыздың қуанышына ортақтасу үшін жиналған жұртшылықтың санында есеп жоқ.Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бар.Сонымен қатар, бүгінгі рәсімге Шекара қызметінің тарихына есімі алтын әріппен жазылған полковник Т.Стамбековтің әпкесі Гүлнара Мұхаметқалиқызы да арнайы келіпті.2012 жылдың желтоқсанында әуе апатынан қазаға ұшыраға саңлақ сардар бір кездері аталмыш шекара басқармасын басқарған болатын...

...Республика халқына ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтынан тікелей эфир арқылы көрсетілген шара сарбаздардың ант қабылдауынан кейін салтанатты жиынға ұласты. Мұнда департамент бастығы полковник Әлібек Каюпов қолдарына нағыз қару ұстап, Отан оғландарының қатарына қосылған сарбаздардыңАнт қабылдау секілді маңызды қадамдарына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, Ұйғыр ауданының әкімі Бота Елеусізова, шекарашы ардагерлердің «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалының белсенді мүшелерінің бірі запастағы полковник Дәулетқали Мамырханов, мәртебебелі қонақтардың бірі Гүлнара Стамбекова, ата-аналар атынан қатардағы жауынгердің атасы Арқалық Тұрғанбеков, сарбаздың анасы Әсем Тұрсыновалар сөз сөйледі. Бұдан кейін кезек қатардағы жауынгерлер Қуаныш Арқабай және Дулат Буралкиевтерге берілді. Қос сарбаз мінбер үстінде ата-ана, туыстарының өздеріне бірдірген сенімдеріне селкеу түсірмейтіндеріне сөз беріп қана қоймай, сап түзеген қаруластарын да осындай жауапты міндеттің үдесінен шығуғашақырды.

Осының барлығы сарбаздармен бірге сапқа тұрған «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубы мүшелерінің көз алдында өтіп жатқан...

Бұдан әрі салтанатты мереке әскери шерумен жалғасты. Шеруді шекара басқармасының бастығы полковник А.Бектасов басқарды.

Шара соңында Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасының арнаулы мақсаттағы ұтқыр іс-қимылдар тобы «мемлекеттік шекара бұзушыларды» ұстаудың әдістерін паш етуге кірісті. Сондықтан орталық алаң бір-ақ сәтте тарсыл-гүрсілге толып, ақырында «қаскөйлер»қолға түсті. Осының барлығы шекарашыларшеберлігінің деңгейі шырқау биікке шыққанын көрсетеді.

...Осының барлығы аяқталып, сарбаздар қаруларын тапсырған соң оларға алыстан ыстық сағынышпен жеткен ата-әже, әкешеше, бауырларымен қауышуға рұқсат берілді.

Осылайша, бүгінгі күн әрбір сарбаздың жүрегінде мәңгі сақталып қалатын болады. Өйткені, осы сәттен бастап, Шекара қызметінің нағыз сарбазына айналған біздің жас оғландарымызға күні ертең Тәуелсіз Қазақстанның шекарасы сеніп тапсырылады.

Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА,

Шекара қызметінің запастағы подполковнигі

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments