18 тамызда Көкшетауда «Tartyl Fest 2026» спорттық турнирі өтті. Іс-шара есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында ұйымдастырылып, түрлі жастағы 100-ден астам адамды біріктірді. Спорттық шара арқылы жастарды белсенді өмір салтына тарту және зиянды әдеттердің алдын алу мақсаты көзделді.


