Пятница, 25 сентября, 2026
Басты бетAtamekenТабиғатты қорғайық

Табиғатты қорғайық

Табиғат – туған жердің көркі ғана емес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын қасиетті аманат. Оның әрбір аң-құсы, әрбір бұлағы мен жасыл желегі – ел байлығы. Сондықтан табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет.

23–25 қыркүйек күндері Жамбыл ауданы аумағында табиғи байлықтарды қорғау, жабайы жануарлар дүниесін сақтау және табиғат қорғау талаптарының орындалуын бақылау бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Іс-шараға «Охотзоопром» қызметкерлері У. Аманкулов, М. Жолдыбаев, Б.Т. Джанбулатов, С. Канатов, Д.Т. Аблаев және Жамбыл аудандық полиция басқармасының табиғатты қорғау жөніндегі инспекторлары қатысты.

Мамандар аудан аумағын аралап, табиғатқа ұқыпты қарау, аң-құсты қорғау және заң талаптарын сақтау бағытында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мұндай шаралар табиғи тепе-теңдікті сақтап, құқық бұзушылықтардың алдын алуда маңызды рөл атқарады.

Табиғатты қорғау – тек арнайы мамандардың міндеті емес. Қоршаған ортаны таза ұстау, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану, жабайы жануарларға зиян келтірмеу – әр азаматтың күнделікті өміріндегі қарапайым, бірақ маңызды жауапкершілік. Табиғатқа жасалған әрбір қамқорлық – келешекке жасалған игі қадам.

Қазақ халқы «Бұлақ көрсең, көзін аш», «Бір тал кессең, он тал ек» деп табиғатты аялауды ұрпаққа өсиет еткен. Бұл – бүгін де мәнін жоғалтпаған тағылым. Туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтау арқылы біз келер ұрпаққа таза ауа, мөлдір су, көркем өлке қалдыра аламыз.

Табиғатты қорғау – болашақты қорғау. Туған жердің табиғатын сақтау – әр азаматтың ел алдындағы жауапкершілігі.
Авторы Е.Еркін

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments