«Таза Қазақстан» акциясы аясында ел өңірлерінде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Маңғыстау облысында ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды тазарту жұмыстары жүргізіліп, табиғи нысандардың тазалығына ерекше көңіл бөлінді.
Мұндай бастамалар табиғатты қорғаумен қатар, тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді. Табиғи аумақтардың тазалығы – тек арнайы қызметтердің емес, барша қоғамның ортақ міндеті.
Қоршаған ортаға ұқыпты қарау, қоқысты белгіленбеген жерге тастамау, табиғи аумақтарды ластамау – әр азаматтың қарапайым, бірақ маңызды үлесі. Осындай күнделікті мәдениет қалыптасқан кезде ғана таза әрі жайлы елді мекен құруға болады.


