Тіл – бүкіл бір халықтың жүрегі. Тіл қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдіретті. Ол əрбір адамға ана сүтімен еніп, қалыптасады. Ана тілі атабабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра.
Тіл – ең ұлы қару. Тіл – ең асыл құндылық. Тіл – ең керемет қатынас құралы. Өз тілің бірлік үшін, өзге тіл тірлік үшін. Тіл өлсе ұлттың да өмір сүруі мүмкін емес. Тіл – тəуелсіздігіміздің қуатты құралы, баға жетпес мұрасы мен парасат белгісі, елдігіміз бен бірлігіміздің туы. Халқымыздың біртуар перзенті Мағжан Жұмабаев: «Ұлттың ұлт болуы бірінші шарт – тілі болуы» деген. Тіл өз халқымыздың рухани байлығы, өткені мен болашағы. Ана тілі – əрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы. Ұлтымыздың ұлы перзенті Ахмет Байтұрсынұлы: «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады», – деп тілдің ұлт үшін қандай маңызды екенін бір-ақ ауыз сөзге сыйдырған.
Қазақстан Республикасы қазақ тілінің ғана емес Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың тілінің дамуына барынша жағдай жасап отыр. Елбасымыздың 5 қыркүйектегі «Қазақстан халықтары тілдері күні» деп жариялауы да сол мақсаттан туған. Қазақ тілінің тағдыры үшін күрес тоқтамақ емес. Қазақ тіліндей мол сөздік қоры бар бай тіл əлемде аз. Қазақ тілі – елімізде азаматтық жəне мəдени біртектілік жасауға тікелей үлес қоса алатын аса зор рухани құбылыс. Қазақстан Республикасының Парламенті «Тіл туралы жаңа Заңын қабылдады. Қазіргі таңда мемлекеттік тіл мəртебесі конституцияда бекітілген. Сондықтанда тіліміздің қолдану аясын дамыта беруіміз керек. Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол ұрпақтан-ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. Менің ана тілім – шексіз бай өте көркем тіл деп есептеймін.
«Тəуелсіздік – ұлттық қасиетті қадірлеуден басталса керек. Ал, өзінің ұлттық қасиетін, өз тілін, əдебиетін білмеген қадірлемеген адам толық мəнді интеллегент емес» деген М.Əуезовтың керемет қанатты сөзі бар.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолауында «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз мəңгілік елімізбен бірге мəңгілік тіл болды. Бұл мəселені дамудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы деп білгеніміз жөн. Біздің тіліміз мемлекеттің барлық жүйесінде қолданылуы үшін біз өзімізді қамшылауымыз керек жəне атсалысуымыз қажет» деген Жолдауындағы сөздерін барша қазақстандық құптайды.
Гүлзат ИБРАЙЫМБАЕВА,
С.Оспанов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен əдебиет пəні мұғалімі.