Бүгін аудан әкімшілігінің кіші залында Қазақстан халқы тілдер мерекесіне орай, ”Мемлекеттік тіл-менің тілім” атты конференция өтті. Санитарлық талаптарды сақтай отырып, ұйымдастырылған салтанатты шараға аудан әкімі Нұрлан Ертасұлы арнайы қатысып, көпшілікті Қазақстан халқы тілдері күні мерекесімен құттықтады.Биылғы жылдың жоспарына сәйкес ұйымдастырылған байқаулардың жеңімпаздарын Алғыс хаттарымен марапаттады.