Мемлекеттік басқару ісіне азаматтардың кеңінен қатысуы – қоғамның тұрақты дамуы мен ел бірлігінің берік негізі.
Халық кеңесінің құрылуы халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, азаматтардың пікірін тікелей ескеруге мүмкіндік береді. Әсіресе өңірлердегі тұрғындардың ұсыныстары мен бастамалары мемлекеттік деңгейде қаралуы – жергілікті мәселелердің жүйелі шешілуіне жол ашады. Бұл ауыл-аймақтың дамуына серпін беретін нақты тетік болмақ.
Құрылтайдың өкілеттігінің кеңеюі, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдіктің қайта қаралуы – өкілдік биліктің жауапкершілігін арттырып, қабылданатын шешімдердің сапасын жақсартады. Ал Халық кеңесіне заң шығару бастамасы құқығының берілуі азаматтық қоғамның рөлін күшейтіп, ел тағдырына қатысты маңызды мәселелерді халықпен бірлесе шешуге мүмкіндік береді.
Қоғамдағы келісім мен тұрақтылық – кез келген мемлекеттің басты құндылығы. Халық кеңесі түрлі әлеуметтік топтар мен этномәдени бірлестіктердің басын қосып, өзара түсіністік пен ынтымақты одан әрі нығайтады деп сенемін. Бұл бастама Қазақстанның дамуына, бірлігі мен тұтастығын сақтауға қызмет ететін тиімді алаңға айналатынына күмән жоқ.
Шайнүсіпов Темірлан, Жамбыл ауданының құрметті азаматы

