Понедельник, 25 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарХҚКО 26 сәуірден бастап кейбір қызмет түрлерін уақытша тоқтатады

ХҚКО 26 сәуірден бастап кейбір қызмет түрлерін уақытша тоқтатады

Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ХҚКО қызмет түрлерінің бір бөлігін 26 сәуірден бастап уақытша тоқтататынын мәлімдеді.

26 сәуір мен 9 мамыр аралығында еліміздің ХҚКО-ларында жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлікті тіркеу және жылжымайтын мүлік нысандарын техникалық тексеру саласында қызмет түрлерін көрсетпейді. Қағаз жеткізгіштерде қызметтің орындалуы әрі құжаттарды жеткізу мерізімінің ұзақтығына байланысты ХҚКО-ларда көрсетілетін қызметтерді қабылдау eGov.kz-тен бұрын тоқтатылады. Қызметке 26 сәуірге дейін тапсырыс берген азаматтар нәтижені көрсетілген мерзімде ала алады.

Сонымен қатар, 2-9 мамыр аралығында eGov.kz порталы арқылы жылжымайтын мүлікті ресімдеуге әрі техникалық тексеруге құжаттарды онлайн қабылдау, нотариустар, салық жүйелері арқылы, екінші деңгейдегі банктер және ҚР Әділет министрлігінің атқарушы органдарының жүйелері бойынша қабылдау тоқтатылады. Одан бөлек, көрсетілген кезеңде азаматтар тұрғын үй бағдарламаларына байланысты қызметтерді пайдалана алмайды.

«Жаңа жүйеге көшу мереке күндері ұйымдастырылады. Айта кетейік, ЖМБМК-ға көшу кезінде жер учаскелерін ресімдеуге байланысты барлық жағдай кезең-кезеңімен цифрланады. Одан бөлек, мемлекеттік қызметтердің барлық спектрін көрсету, оның ішінде жаңа және қолданыстағы учаскелер бойынша түзету енгізу мүмкіндігі көзделген. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық қаупіне жол бермеу мақсатында жер учаскелері мен жылжымайтын мүлікті ресімдеу заңнама тұрғыда қарастырылады», — деді мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин.

 

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments