Іле ауданында инвестициялық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, өңірдің туристік және кәсіпкерлік әлеуеті артып келеді. Соның бірі – М.Түймебаев ауылында ашылған Vela Hotel қонақ үй кешені.
30 шілде күні пайдалануға берілген нысанға 1,2 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылған. Қонақ үйде 36 жайлы нөмір қарастырылған. Сонымен қатар жоба аясында 60 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылып, аудан тұрғындарын жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді.
Vela Hotel – Іле ауданындағы қызмет көрсету саласын дамытуға, туристік инфрақұрылымды кеңейтуге және өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған маңызды жобалардың бірі.
Жаңа кешеннің іске қосылуы аудан экономикасының дамуына серпін беріп, қонақжайлық индустриясының әлеуетін одан әрі нығайтуға ықпал етеді.
Жаңа нысанның ұжымын қонақ үйдің ашылуымен құттықтап, жұмыстарына табыс, келушілерге жайлы демалыс тілейміз.


