Четверг, 3 сентября, 2026
Басты бетЖаңалықтарІЛЕ АУДАНЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 70 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

ІЛЕ АУДАНЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 70 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

Бүгін, 3 қыркүйекте Іле ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті жалпыаудандық санитарлық тазалық сенбілігі өтті.

Тазалық шарасына аудан бойынша 3 465 адам қатысып, 31 арнайы техника жұмылдырылды. Сенбілік барысында елді мекендердегі қоғамдық аумақтар, көшелер мен жол жиектері тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде жалпы көлемі 31 гектар аумақ қоқыстан тазартылып, 70 тонна тұрмыстық және қатты қалдық арнайы орындарға шығарылды.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары Іле ауданында тұрақты негізде жалғасуда.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments