Четверг, 10 сентября, 2026
Басты бетЖаңалықтарІЛЕ АУДАНЫНДА 400-ДЕН АСТАМ БОС ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛДЫ

ІЛЕ АУДАНЫНДА 400-ДЕН АСТАМ БОС ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛДЫ

30-дан астам жұмыс беруші, 400-ден астам бос жұмыс орны және жұмыс іздеген 150-ден астам азамат. Іле ауданында «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өтті.

19 тамыз күні Өтеген батыр ауылында аудан әкімдігі, аудандық прокуратура, Мансап орталығы, Жастар ресурстық орталығы және пробация қызметінің ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Іс-шараға мемлекеттік қызмет, білім беру, денсаулық сақтау, сауда, өндіріс және қызмет көрсету салаларынан 30-дан астам жұмыс беруші қатысып, 400-ден астам бос жұмыс орнын ұсынды.

Олардың қатарында «Волковгеология» АҚ, «Абди Ибрагим Глобал Фарм», «Ордабасы-Сарбаз-А», «Тангенс», «Raimbek Agro», «Медиатекс-Н», «Gold Service» компаниялары және аудан мектептері бар.

Жәрмеңкеге 150-ден астам азамат қатысты. Олардың арасында пробация есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар, NEET санатындағы жастар, сондай-ақ алимент бойынша берешегі бар тұлғалар болды.

Қатысушылар жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасып, түйіндемелерін ұсынып, бос жұмыс орындары мен еңбек жағдайлары туралы ақпарат алды.

Нәтижесінде 25 азамат тұрақты жұмысқа және жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жолдама алды. Оның ішінде 2 адам жастар практикасына, 5 адам қоғамдық жұмысқа бағытталды.

Жәрмеңке жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерді бір алаңда тоғыстырып, тұрғындардың еңбек нарығына шығуына нақты мүмкіндік берді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments