Бір жыл ішінде қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы 7,3%-ға, жаңа тұрғын үй бағасы 9,3%-ға өсті. Мұндай деректерді Ұлттық статистика бюросы ұсынды.
2023 жылғы наурызда абаттандырылған тұрғын үйді жалдау ақысы өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 29,3%-ға өсті.
Өңірлік бөліністе бастапқы тұрғын үй нарығындағы бағалар жылдық мәнде айтарлықтай қымбаттады:
- Ақтөбе — 25,4%,
- Ақтау — 24,3%.
Қайталама тұрғын үй нарығында бағаның өсуі бойынша көшбасшылар қатарында:
- Қызылорда (37,8%),
- Ақтау (32,6%),
- Семей (31,6%),
- Қостанай (29,2%),
- Өскемен (24,7%).
Ал тұрғын үйді жалға беру нарығында:
- Көкшетау (51,1%),
- Петропавл (48%),
- Алматы (45,4%),
- Қостанай (45%).
Бір айда (2023 жылдың наурызына қарай) жаңа тұрғын үйді сату бағасы 1,2%-ға, ал пәтерлерді қайта сату бағасы 0,7%-ға төмендеді. Алдыңғы аймен салыстырғанда наурыз айында абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу құны өзгеріссіз қалды.