Понедельник, 25 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда тұрғын үй бағасы қымбаттады

Қазақстанда тұрғын үй бағасы қымбаттады

Бір жыл ішінде қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы 7,3%-ға, жаңа тұрғын үй бағасы 9,3%-ға өсті. Мұндай деректерді Ұлттық статистика бюросы ұсынды.

2023 жылғы наурызда абаттандырылған тұрғын үйді жалдау ақысы өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 29,3%-ға өсті.

Өңірлік бөліністе бастапқы тұрғын үй нарығындағы бағалар жылдық мәнде айтарлықтай қымбаттады:

  • Ақтөбе — 25,4%,
  • Ақтау — 24,3%.

Қайталама тұрғын үй нарығында бағаның өсуі бойынша көшбасшылар қатарында:

  • Қызылорда (37,8%),
  • Ақтау (32,6%),
  • Семей (31,6%),
  • Қостанай (29,2%),
  • Өскемен (24,7%).

Ал тұрғын үйді жалға беру нарығында:

  • Көкшетау (51,1%),
  • Петропавл (48%),
  • Алматы (45,4%),
  • Қостанай (45%).

Бір айда (2023 жылдың наурызына қарай) жаңа тұрғын үйді сату бағасы 1,2%-ға, ал пәтерлерді қайта сату бағасы 0,7%-ға төмендеді. Алдыңғы аймен салыстырғанда наурыз айында абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу құны өзгеріссіз қалды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments