Воскресенье, 19 мая, 2024
Басты бетЖаңалықтарҚазақстан математика және жаратылыстану пәндері бойынша ТОП-50 елдің қатарына кірді

Қазақстан математика және жаратылыстану пәндері бойынша ТОП-50 елдің қатарына кірді

Білім сапасын бағалайтын халықаралық жүйе PISA рейтингінің нәтижесі осындай. Бүгінде жаратылыстану пәндерінен көрсеткіштер артып, математика, оқу сауаттылығы бойынша алдыңғы нәтижелер сақталған. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, педагог мәртебесін арттыру, қосымша білім беруді, инфрақұрылымды дамыту жұмыстары білім сапасының артуына ықпал етті. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру қажет дейді министр.

Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:

— Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы кезекті PISA рейтінгісін жариялады. Қазақстан математика және жаратылыстану пәндері бойынша топ 50 елдің қатарына кіріп отыр. Бұл Қазақстандық білім жүйесі үшін үлкен серпіліс және прогресс деп атауға болады. Әрине біздің мұғалімдеріміздің де, оқушыларымыздың да еңбегін, рөлін бұл жерде ерекше атау қажет деп есептеймін.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments