Пятница, 3 мая, 2024
Басты бетЗаң«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету...

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы»

Негізгі Заң 15 заңнамалық актісіне, оның ішінде жеті кодекс пен сегіз заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Ілеспе заң әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер енгізуді қарастырады. Кәмелетке толмағандарды қорлау (қорқыту, кибербуллинг) және 16 жасқа толмаған баланы қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіру және басқа да түзетулер үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленеді.
ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев осы заңдарға түсініктеме бере отырып: «Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету мәселелеріне басымдық береді. Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында тиісті заңдар әзірленді. Атап айтқанда, әйелдер мен балалардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету және елдегі отбасы институтын нығайту үшін қосымша құқықтық тетіктер енгізілуде. Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік артады» дедi.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments