Вторник, 7 мая, 2024
Басты бетПрезидентҚазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясының отырысына пікір

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясының отырысына пікір

Достықтың туы бірлікте

Төбеге әкеп ту тігіп,

Той мереке етіңдер.

Алалы болмай ауызың,

Ынтымақ қылып бекіңдер деп,

ХХ ғасырдың Гомері атанған Жамбыл ақын ұлттар достығын өз жырына арқау еткені белгілі. Қазақстанда тілі басқа тілегі бір, жүзі басқа жүрегі бір 130-дан астам ұлт өкілі бар. Тату-тәтті бірлігі мен өзара тірлігі жарасып, бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүріп, жақсы күндердің куәсі бола білуде. Еліміздің тұңғыш Президенті Н.Назарбаев барлық ұлт өкілдерінің басын біріктіріп, Ассамблея құрған болатын. Содан бері өзге ұлт өкілдері бір атаның баласындай, бес саусақтың саласындай өзара сыйластықтың туын жыққан емес. Соған орай Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясы ұлттар мен ұлыстардың алдына маңызды да жауапты мақсаттарды қойып отыр. Осындағы бес әлеуметтік бастама ең үлкен маңызға ие болуда. Сонымен 2007 жылы Ассамблеяға коституциялық мәртебе беріліп, мәжіліске 9 депутат сайлау құқығына ие болған. Ал, бір жылдан соң мемлекет басшысы Қазақстан Ассамблеясы туралы әлемде баламасы жоқ маңызды құжатқа қол қойғаны есімізде. Бұдан соң 2008 жылғы заңда Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі міндеті елдегі этносаралық келісімді қамтамасыз ету. Қазір Конституцияға сәйкес қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірлікті қамтамасыз ету деген концепция бірінші міндеттердің бірі болып отыр.

Ассамблеяның құрылуына орай түрлі этно-мәдени орталықтар ашылған болатын. Олар өз ұлтының салт-дәстүрін, тілін, әдет-ғұрпын, тарихын жастарға дәріптеуге игі бастама болды. Сондай-ақ қоғамдық келісім орталықтары да ұлттың ынтымақ бірлігін дамытуды көздейді. Ал, қазіргі таңда қоғамдық келісім кеңестері мемлекет пен қоғам арасындағы алтын көпір болып отыр. Себебі, кез-келген елді мекен, ауылдық округ пен қала көшесінің, ауланың тазалығынан бастап өзге де халықты толғандыратын мәселелерді қоғамдық келісім кеңесі талдайды. Сонымен қатар, мемлекеттік билік өкілдеріне қоғамдық ұйымдар арқылы халықтың көкейіндегі сауалдардың шешімін табу және де ортақ іске жанашырлық таныту қоғамдық келісім кеңестерінің басты міндеттері болып табылады. Ал, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл туралы «Аспан түстес төлқұжатамыз еліміздің жалпыұлттық бірегейлігінің ең қарапайым әрі түсінікті белгісі екенін үнемі айтып жүрмін. Көк паспорты бар әрбір адам ұлтына, наным-сеніміне қарамастан, қазақстан азаматының барлық құқығын иеленеді. Қазақстан республикасының кез-келген азаматы әлемнің қай түкпірінде жүрсе де біздің мемлекетіміздің қорғауында болады. Біз ешқашан өз азаматтарымызды тағдыр тәлкегіне қалдырмаймыз» — деген болатын. Президенттің бұл сөзі Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдеріне де қатысты айтылып отыр. Олай болса, XXVI сессия діні мен ділі өзге болғанымен сүттей ұйып отырған халқымыздың татулық, ауызбіршілігін арттыруға өзіндік үлесін қосатыны анық. Мен, өз басым, аталған сессия жұмысын бірауыздан қолдаймын. Өйткені, халықтың бірлігі және өзара достығы мен татулығына бағытталған қоғамдық келісімнің мәні мен маңызы зор. Әрдайым ұлттар достығы мәңгі жасай берсін, аспан ашық, заман тыныш болып, әр шаңыраққа бақыт құсы ұя салсын деп тілеймін.

Тұрсынжан Асқарұлы

 

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments