Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов Н. Тілендиев ауылындағы жаңа 900 орындық «Жайлы мектепке» арнайы барып, жаңа оқу жылына дайындық барысымен танысты.
Биылғы оқу жылында білім ордасына 1 230 оқушы қабылданады. Оның ішінде бірінші сыныпқа 114 оқушы қабылданып, 6 сынып жасақталды.
Аудан әкімі 1 қыркүйекте пайдалануға берілетін мектептің оқу кабинеттерін, ішкі бөлмелерін аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйін көрді. Сондай-ақ жауапты тұлғаларға оқу жылы басталғанға дейін барлық жұмысты сапалы аяқтап, оқушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасауды тапсырды.
Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қайыржан Жақсымбетов мектеп аумағын абаттандыру жұмыстарына атсалысты. Аудан әкімі аулаға шырша көшетін отырғызып, білім ордасының аумағын көгалдандыруға үлес қосты.
Жаңа мектептің ашылуы Н. Тілендиев ауылының білім беру инфрақұрылымын жақсартып, балалардың заманауи әрі жайлы ортада сапалы білім алуына мүмкіндік береді.


