Қазақтың белгілі айтыскер ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Жамбыл ауданының құрметті азаматы Надежда Андреевна Лушникова апамыз 85 жасында өмірден өтті.
Саналы ғұмырын қазақтың тілі мен әдебиетіне, айтыс өнерінің дамуына арнаған аяулы жан Жамбыл ауданының мәдени-рухани өміріне өлшеусіз үлес қосты.
Ұзақ жылдар Үмбетәлі Кәрібаевтың әдеби-мемориалдық музейіне басшылық жасап, ақын мұрасын насихаттады. Жас ақындарды тәрбиелеп, ұлттық өнердің өркендеуіне еңбек сіңірді.
Ұлты орыс болғанымен, жүрегі қазақ деп соққан Надежда апамыздың өмірден өтуі – барша аудан жұртшылығы үшін орны толмас қаза.
Марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.
Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!


