Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы баяндады. Әлеуметтік инфақұрылымның дамуы аудан орталығында қарқынды. Осы тұрғыда аудан әкімі 4 айлық жұмыс қортындысымен бөлісті.
Қазіргі таңда жаңа инвесторларды тарту бойынша нақты жұмыстар жүргізіліп, ағымдағы жылы жалпы құны 97,7 млрд. теңге болатын 11 жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде атап өтетіні Оңтүстік Кореяның ірі «KT&G» компаниясы ТМД (СНГ) елдеріне өнімін экспорттау үшін орталық хаб ретінде Елтай округіне қарасты Көкөзек ауылында темекі фабрикасын салатын болады. Әкімнің айтуы бойынша инвесторлады тарту арқылы біз экономикалық дамуды жүзеге асыра аламыз. Өйткені қазіргі кезде өнірде 2 үлкен өндіріс орталығы бар. Осы өндіріс нысандары Алматы облысы бойынша экономикалық дамуды қалыптастыруда деп жеткізді.
Ауданда тағы да «Алтын Таға» серіктестігі Жібек жолы ауылында темірбетон бұйымдарын өндіру зауытының құрылысы жүріп жатыр. Жалпы саны 19 ғимараттан тұратын бұл ірі өндірістік кешен жобасының құны 32 млрд теңге. Мұнда жылына 14 мың тоннаға дейін дайын өнім шығарылатын болады, Сондай-ақ 1200 жұмыс орнын ашу жоспарлануда-деді Жасұлан Естенов
Сонымен қатар, әкімнің айтуы бойынша 2022-2025 жылдар аралығында “Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау» бағдарламасы аясында 3,3 млрд.теңгеге 3 жоба іске асырылады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда бағдарлама аясында, өңірде 1510 азамат толығымен жұмысқа орналастырылды.
Әкімнің айтуы бойынша, агро өнімдер бойынша 2022 жылы 277 мың тонна өнім өндірілсе, биыл 400 мың тонна өнім артық күтілуде. Өндірілетін өнім көлемін арттыру мақсатында аудандық шаруашылықтарға мемлекет тарапынан жеңілдетілген субсидиямен берілген минералды тыңайтқыштарды пайдалану туралы үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қарасай ауданы бойынша жұмыстар өндірістік орындарды дамыту қызу жүзеге асырылып жатыр.
Жүргізілген жұмыстар аясында, өңірде қысқы маусымда 19 мың тонна көкөніс сақтайтын 7 қойма жұмысын атқарады.
Баяндама барысында, тұрғындарды алаңдататын ең өзекті мәселелеріде қозғалды, солардың бірі- жол мәселесі. Өткен жылдың қортындысы бойынша, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге 1 млрд. 325 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде 19 елді мекендегі 30 көшесінің 36,6 шақырымына жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Тұрғындардың көп өтімдері бойынша, әкім медициналық мекемелердің қазіргі заманға сай қызмет көрсетуін арттыруға зейін қойып отыр. 10 медициналық мекемелердің жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде, оның ішінде Қаскелен қаласында бір күнде 500 келушіге арналған көп салалық емхана құрылысы жоспарлануда.
Айта кетерлігі, қазіргі таңда әкімнің барлық назары тұрғындардың қолайлы жағдайын жасау.