Ел шекарасын күзетіп, сіз бен біздің тыныштығымызды күзетіп жүрген шекарашылардың еңбегі ерен ғой қашанда. Олар тек шекара маңын күзетіп қана қоймай ел ішіндегі түрлі заң бұзушылықтарға да жол бермейді. Соның бір дәлелі жуырда ҰҚК-нің Қарасай аудандық шекара жасағының қызметкерлерінің ашқан қылмысы. Яғни шекара жасағының қызметкерлері Қарғалы ауылдық округі әкімдігі қызметкерлері мен орман шаруашылығы күзеті өкілдерімен “Қарсора-2022” арнайы операциясын өткізді. Аталмыш іс-шара барысында “Ұзынқарғалы” шатқалында 2 сотық жерде егілген қарсораны тапты. Нәтижесінде сол жерден ұзындығы 180 см болатын 381 түп қарасораның 37 кг-ның көзі жайылып, өртенді.
Ұлттың қауіпсіздігін ғана емес тыныштығын да ойлап, түрлі заң бұзушылықтарға жол бермей жүрген шекарашыларға алғыс айтып, еңбектеріне табыс тілейміз.
Елдар Еркінұлы