Жеңіл жолмен мол табыс табуға уәде беретін ұсыныстарға сақтықпен қараған жөн. Қаржы пирамидасының басты белгілерінің бірі – жоғары әрі кепілдендірілген табыс уәдесі және жаңа қатысушыларды тарту арқылы пайда табу.
Мамандар азаматтарды ақша салмас бұрын ұйымның заңды мәртебесін тексеруге, ресми құжаттарын зерделеуге және күмәнді инвестициялық ұсыныстардан бас тартуға шақырады. Қаржылық сауаттылықты арттыру – алаяқтықтан қорғанудың маңызды тетігі.


