«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қарасай аудандық полиция басқармасының, Қарасай ауданының жастар саясаты бөлімінің және Іргелі ауылдық округі жастарының қатысуымен нашақорлықтың алдын алуға бағытталған «Антиграффити» акциясы ұйымдастырылды.
Акцияның басты мақсаты – есірткі құралдарын насихаттайтын заңсыз жазбалар мен граффитилерді жою, жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алу және қоғамда қауіпсіз орта қалыптастыру. Іс-шара барысында қатысушылар қоғамдық орындар мен ғимараттардың қабырғаларында орналасқан есірткі жарнамасына қатысты заңсыз жазуларды анықтап, оларды толықтай өшірді.
Сонымен қатар, жастармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, есірткінің адам денсаулығына, қоғамға және болашаққа тигізетін зияны туралы ақпарат берілді. Қатысушылар салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы мен құқық бұзушылықтың алдын алудағы әр азаматтың жауапкершілігі жөнінде пікір алмасты.
Мұндай іс-шаралар жастарды заңға құрметпен қарауға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және өз ортасына бейжай қарамауға тәрбиелейді. Сондай-ақ, «Заң мен тәртіп» қағидаттарын насихаттау арқылы қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.
Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да жастардың белсенді қатысуымен осындай профилактикалық шараларды тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.
Қауіпсіз орта қалыптастыру жолындағы маңызды қадам
RELATED ARTICLES



