Воскресенье, 24 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарҚонаев қаласы тұрғындарының 20% астамы МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған

Қонаев қаласы тұрғындарының 20% астамы МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған

 

 

Медициналық мекемелерге тіркелу деректері бойынша Қонаев қаласының халық саны 74 268 адамды құрайды. Ал соның ішінде 15 413 адам немесе халық санының 20,7% сақтандырылмаған. Бұл туралы облыс орталығында өткен Медициналық сақтандыру Қорының есептік кездесуінде белгілі болды.

«Ай сайын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен төлемдер жасау өте маңызды. Себебі, медициналық көмек керек болған жағдайда қызметтердің барлық спектрі оның ішінде дәрігер қабылдауы, тексерулер және тіпті жоғары технологиялық операцияларға сіз үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төлейді. МӘМС жүйесін енгізгенге дейін қымбат медициналық көмек бәріне бірдей қолжетімді емес болса, ал қазіргі таңда сақтандыру мәртебесі бар әрбір азамат мұндай мүмкіндікке ие»,- деді Қордың Алматы облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Отарғалиев.

 

Кездесу барысында қала әкімі Нұрлан Құматаев және қалалық аурухананың бас дәрігері халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырумен қамту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments