Четверг, 22 октября, 2026
Басты бетПослание президентаҚорғаныс министрі Айдос Мырзахметов Қарулы Күштерді жаңғырту жоспары туралы баяндады

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов Қарулы Күштерді жаңғырту жоспары туралы баяндады

 

🔹Қарулы Күштердің жаңа ақпараттық-коммуникациялық стратегиясын қабылдау, сондай-ақ Конституциядағы «Заң мен тәртіп» қағидатына сай тәрбие жұмыстарының сапасын арттыру реформаның маңызды бағыттарының бірі болмақ. 

🔹Аталған шаралар әскер қатарындағы тәртіп пен қоғамның армияға деген сенімін нығайтуға бағытталған.

🔹Жоспарда көзделген ұйымдастыру шаралары осы жылдың соңына дейін, ал негізгі тұжырымдамалық шаралар келесі жылы іске асырылады. 

🔹Жиын барысында Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссияның жұмысын жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды.

🔹Президент әскери қауіпсіздік бүкіл мемлекетке ортақ міндет екенін, сондықтан барлық мүдделі органнан үйлесімді жұмыс істеу талап етілетінін ескертті.

🔹Отырыс қорытындысы бойынша Әскери реформа жоспары мақұлданды. 

🔹Мемлекет басшысы жоспарланған өзгерістерді уақтылы әрі толық жүзеге асыру өте маңызды екенін атап өтті. 

🔹Жоспардың орындалуын үйлестіру міндеті Үкімет пен Қауіпсіздік Кеңесіне жүктеледі.

t.me/aqorda_resmi

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments