18 тамызда Маңғыстау облысының полициясы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында бірнеше профилактикалық шара өткізген. Ақтауда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, республикалық трассаларда жол қауіпсіздігін күшейту, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілген.
Полиция азаматтарды заң талаптарын сақтауға, қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарауға шақырады. Мұндай профилактикалық жұмыстардың басты мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алып, тұрғындар үшін қауіпсіз орта қалыптастыру.


