Пятница, 3 мая, 2024
Басты бетUncategorizedҚР Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов Алматы облысының тұрғындарымен кездесу өткізді

ҚР Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов Алматы облысының тұрғындарымен кездесу өткізді

2023 жылғы 13 қазанда ҚР Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов Алматы облысының тұрғындарымен кездесу өткізді, оның барысында тұрғындарды отын-энергетика кешенінде іске асырылып жатқан жобалар туралы хабардар етіп, өңір тұрғындарын толғандыратын сұрақтарға жауап берді.
Өз сөзінде А. Жамауов Алматы облысының жаңартылатын энергия көздерін дамыту әлеуеті жоғары екенін атап өтті.

Бүгінгі таңда өңір республикада ЖЭК қуаты бойынша 2-орында немесе ол 371,4 МВт құрайды, оны 23 объекті өндіреді, оның ішінде қуаты 146,5 МВт 10 ЖЭС, қуаты 64,62 МВт 7 ГЭС және қуаты 160,35 МВт 6 күн электр станциясы.

2027 жылға дейін қуаты 11,9 МВт болатын 4 объектіні салу жоспарлануда, бұл –қуаты 5,5 МВт болатын 2 ГЭС және қуаты 4,0 МВт болатын 2 биоэлектростанция.

Сондай-ақ вице-министр өңірдің электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етілуі туралы хабардар етті, бұл қажеттілікті Алматы ЖЭО-3 (электр және жылу), Қапшағай ГЭС (электр) және Мойнақ ГЭС (электр) қамтамасыз етеді, олардың белгіленген электр қуаты 837 МВт-қа тең. Мәселен, ағымдағы жылдың 9 айында өңірде электр энергиясын өндіру көлемі 5,1 млрд. кВтсағ құрады. Бұл ретте өңірдегі тұтыну 8,9 млрд. кВтсағ құрады.

Алматы ЖЭО-3-тің белгіленген жылу қуаты сағатына 335,3 ГКал құрайды. Өңірдің жылу энергиясына деген қалған қажеттілігін облыстық қазандықтар қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ вице-министр тұрғындарға күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге дизель отынын жеткізу туралы түсіндірді. Мәселен, Алматы облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін 7,1 мың тонна дизель отыны көзделген, бүгінде 2,6 мың тонна тиеп-жөнелтілді.

Айта кету керек, барлық өңірлерде тасымалдауға арналған шығыстар мен операторлардың маржаларын ескере отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне баға 1 литр үшін 250 теңге болып белгіленді.

Вице-министр сұйытылған мұнай газын сату саласын ерекше атап өтті. Облыста газ тұтыну 2022 жылы 84 мың тоннаны құрады. Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында шамамен 94,4 мың тонна тұтынылды.

«Біз сұйытылған мұнай газын сатудың шекті бөлшек сауда бағасын белгілеу арқылы бағаның күрт өсуін болдырмауға мүмкіндік беретін ұзақ мерзімді баға тұрақтылығы мен бағаның алыпсатарлық өсуіне жол бермеуді қамтамасыз ете отырып, сұйытылған мұнай газы нарығын реформалау жөнінде шаралар қабылдап жатырмыз», — деп атап өтті вице-министр.

Баяндамадан кейін вице-министр азаматтарды жеке қабылдады, оның аясында тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап ала алды.

Сондай-ақ Алматы облысына жұмыс сапары аясында Вице-министр Алматы қаласы мен Алматы облысын табиғи газбен ішінара қамтамасыз ететін Талғар ауданындағы «Талғар» АГТС-іне барды. Станцияның қуаты сағатына 330 000 м3 құрайды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments