Жиында мемлекеттік қызметтерді алу, азаматтардың өтініштерін қарау және әлеуметтік көмекті әділ бөлу мәселелері талқыланды.
Партия бағдарламасында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бәрін бірыңғай цифрлық ортада «бір басу» қағидатымен көрсету ұсынылған. Мемлекет азаматтан қажетті ақпаратты бір рет қана сұрап, қалған мәліметті өз жүйелері арқылы алуға тиіс.
Сонымен қатар e-Өтініш жүйесін азаматтардың мәселесін нақты шешетін құралға айналдыру көзделген. Өтініштерді қараудағы артық бюрократиялық рәсімдер қысқартылып, мемлекеттік орган басшыларының жеке жауапкершілігі күшейтіледі.
Әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктерді проактив форматта тағайындау да қарастырылған. Бірыңғай цифрлық платформа адамның көмек алуға құқығын автоматты түрде анықтауға тиіс.
Кездесу барысында ұйым қызметкерлері мемлекеттік және әлеуметтік қызметтердің сап


