Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетАлғысӨмір сүру сапасын жақсартты

Өмір сүру сапасын жақсартты

Бұл жазбаны өлімнен құтқарып қана қоймай, өмір сүру сапасын жақсартуды әдетке айналдырған хирург-дәрігерлерге алғыс айтудан бастаған жөн. Талғар аудандық орталық ауруханасына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша түскен, басқа қаладан келген 1996 жылы туған науқас туралы айтқымыз келеді. Біздің ауруханаға түскенге дейін науқасқа өзге емханаларда бірнеше рет ота жасалған, бірақ одан нәтиже болмапты. Айта кету керек, проблема науқастың омыртқасында болды. Дәлірек айтқанда, төсек тартып қалған. Сондықтан, ол адамның өмірі қаншалықты шектеулі және қиын екені түсінікті. Ал, бұл ауру одан әрі асқынып, ойық жара пайда болса, науқас қандай жағдайда болатынын ойлаудың өзі қиын. Ол созылмалы инфекцияның бастауы болуы мүмкін. Ал, ауқымы үлкен болса, ахуал одан сайын ушығады. Тіпті, бұл ауру науқастың мезгілсіз өліп кетуіне себепші болуы мүмкін. Сондықтан, жараның асқынуына жол бермейтін немесе ол пайда болғаннан кейін жасалатын кез келген ота емдеу құнын төмендетіп, өмір сапасын жақсарту үшін маңызды. Біздің аурухананың хирургтары жараларды емдеу үшін тері-фасциальді транспозициялау жолымен ерекше және ең күрделі пластикалық операциялар жасады. Мұндай деңгейдегі операцияларды республикадағы санаулы медициналық мекемелер ғана жүзеге асыра алады. Осы жолғы ота хирургтарымыздың біліктілігі мен тәжірибесінің арқасында сәтті өтті. Операцияны хирург-дәрігерлер Омаров Н.О., Бақтығалиева М.А., анестезиолог Ақұрпеков С.К., анестезист Итақова А.С., операция медбикесі Алиасова С. жасады. Тек хирург қана емес, кез келген дәрігер мықты маман болуы үшін ең қиын оқу кезеңдері мен көптеген тәжірибеден өтеді. Ал, ол мұндай операцияны жасау үшін шебер әрі батыл болуы керек екендігі айдан анық.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments