Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарӨңірдегі эпидемиологиялық ахуал жақсаруда

Өңірдегі эпидемиологиялық ахуал жақсаруда

Алматы облысында соңғы 10 күнде коронавирус инфекциясы анықталған жағдайлардың саны 222-ден 96-ға дейін төмендеді. Сонымен қатар 3 күн ішінде ауруханаға жатқызылған адам саны да азайды. Бұл туралы өңірдің бас дәрігері Өмірзақ Ниязбеков мәлімдеді.
Эпидемиологиялық жағдайының жақсаруына әсер еткен факторлардың бірі халықты «COVID-19-ға» қарсы вакцинациялаудың қарқынды жүргізілуі себеп болып отыр.
Облыста коронавирустық инфекцияларға қарсы вакцинация жүргізу үшін 244 егу пункті, 67 мобильді бригада, 17 жылжымалы медициналық кешен тартылған.
Айта кетейік, вакцинаны сақтау үшін 153 мұздатқыш камера, 272 белсенді термоконтейнер бар, вакцинаны тасымалдау үшін тағы 80 белсенді термоконтейнер жеткізу күтілуде.
«Облысқа I компонентті вакцинасының 225 350 дозасы және II компоненттің 184 710 дозасы жеткізілді. Бүгінгі таңда 211 624 адам I компонентпен егілді, 119 081 адам вакцинацияның екінші бөлігін қабылдады. Сондай-ақ, медициналық ұйымдарда I компоненттің 14 920 дозасы және II компоненттің 65 610 дозасы бар», — дейді Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Әбілсейітұлы.
Жалпы өңірде 753 пациент ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 465 адам үйде оқшаулау жағдайында, 288 адам аурухананың инфекциялық бөлімшелерінде емделіп жатыр.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments