Алматы облысында жасанды интеллект технологияларын қолдану қылмыстардың ашылуын екі еседен астам арттыруға мүмкіндік берді.
Бүгінгі таңда бейнеаналитика өңірдегі құқық бұзушылықтарды ашу құралдарының ішінде екінші орында тұр және аяқталған қылмыстық істердің 31,7%-ы бойынша дәлелдемелік базаны қамтамасыз етеді.
Бұл туралы Алматы облысы әкімдігі мен «Сергек» жүйесін әзірлеушілердің бірлескен таныстырылымында айтылды.
«Бүгінде Алматы облысында бірыңғай басқару контурына 325 «Сергек 4.0» аппараттық-бағдарламалық кешені, 10 Sergek Patrol Box мобильді кешені, сондай-ақ 9000-нан астам бейнебақылау камерасы, оның ішінде 2500-ден астам қоғамдық қауіпсіздік нысаны қосылған», — деді Алматы облысы бойынша жобаның бас менеджері Евгений Данилов.
Платформа камераларды пассивті бақылаушы режимінен полицияның белсенді көмекшісі режиміне ауыстырады. Компьютерлік көруге негізделген жүйе нақты уақытта адамдарды атрибуттары бойынша іздейді, көлік құралдарын таниды (маркасы, моделі, түсі, нөмірлері) және төбелестен бастап адамдардың жаппай жиналуына, тыйым салынған аймақтарды кесіп өтуге дейінгі оқиғаларды автоматты түрде тіркейді. Барлық ақпарат жедел басқару орталықтарында лезде шоғырланып, полицейлерге алдын алу әрекеттерін жасауға және бұзушыларды жедел ұстауға мүмкіндік береді.
Қоғамдық қауіпсіздіктен бөлек, 2026 жылдың 9 айында Алматы облысында ЖКО-дағы өлім-жітім шамамен 30%-ға төмендеді (194 қаза тапқан, 2025 жылдың сәйкес кезеңінде 275 болған).
Жасанды интеллект тек фактілерді талдап қана қоймай, тәуекелдерді болжайды. Платформа ЖКО тарихын, трафикті, ауа райы мен күнтізбелік оқиғаларды байланыстырып, ықтимал қауіптердің жылу карталарын қалыптастырады және патрульдерді орналастыру бойынша ұсыныстар береді.
Бұған дейін 2026 жылы камералар мен ЖБО арқасында Алматы облысында 981 қылмыс ашылғаны хабарланған болатын.
Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press
#Алматыоблысы #ЖИ #Сергек #қауіпсіздік #қылмыс #технология #Қазақстан #жаңалықтар



