Пятница, 23 октября, 2026
Басты бетЖаңалықтар🇰🇿 Алматы облысындағы «Дала дәмі» жәрмеңкесінде 365 тоннадан астам ауылшаруашылық өнімі ұсынылды

🇰🇿 Алматы облысындағы «Дала дәмі» жәрмеңкесінде 365 тоннадан астам ауылшаруашылық өнімі ұсынылды

 

«Дала дәмі» ауылшаруашылық жәрмеңкесі облыстың әр түкпірінде демалыс сайын өтіп жатыр.

Жәрмеңкеде 31 атаудан тұратын 365 тоннадан астам өнім ұсынылды. Сөрелерде ет және сүт өнімдері, бал, балық, түрлі жеміс-жидек пен көкөніс бар. Бағалар нарықтағыдан 15–20%-ға төмен.

Тұрғындар арасында сүт өнімдері, күнбағыс майы мен жұмыртқаға сұраныс жоғары. Көкөністерден картоп, пияз және қызанақ, сондай-ақ әйгілі «Апорт» алмасы сұранысқа ие.

Жәрмеңке басталғаннан бері сатылған өнімдер:
🥔 45 тонна картоп
🧅 30 тонна пияз
🍎 31 тонна алма
🥛 2 тонна сүт
🥚 95 мың жұмыртқа

«Дала дәмі» жәрмеңкесі өндірушілер мен тұтынушылар арасында тікелей байланыс орнатып, отандық өнімнің нарықтағы үлесін арттыруға ықпал етеді. Алматы облысында іс-шара 19 қыркүйекте басталып, содан бері сенбі сайын тұрақты өткізіліп келеді.

Кезекті жәрмеңке 24 қазанда өтеді. Бұдан әрі мұндай іс-шаралар жыл соңына дейін апта сайын ұйымдастырылады.

Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press

#ДалаДәмі #Алматыоблысы #жәрмеңке #ауылшаруашылық #отандықөнім #Қазақстан #жаңалықтар

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments