Мереке қарсаңында облыста түрлі бағыттағы шаралар жоспарланған.
🏠 Әлеуметтік нысандар:
• Қаскелеңде 20 отбасы баспана алды, жыл соңына дейін тағы 46 отбасы қоныс тойын атап өтеді
• Жармұхамбет ауылында жаңа сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды
• 23 қазанда Қарғалы ауылында 350 орындық жаңа Мәдениет үйі ашылады
• 27 қазанда Нарынқол ауылында 250 адамды қабылдайтын жаңа емхана ашылады
🏆 Спорт:
• Шонжы ауылында 200-ден астам қатысушысы бар веложарыс өтті
• 22–24 қазан аралығында Өтеген батырда самбодан республикалық турнир өтеді
🛍 Сауда және игі істер:
• 17–29 қазан аралығында «Republic Day» акциясы жалғасуда
• 23 қазанда Елтай ауылында 200 ағаш отырғызылады
• 24 қазанда Қонаевта «Дала дәмі» ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
🎤 Мәдени шаралар:
• 23 қазанда Қонаевта үлкен мерекелік концерт өтеді
• 25 қазанда Мемлекеттік ту көтеріліп, Әнұран орындалады, одан кейін концерт жалғасады
🏭 Инвестициялық жобалар:
• 27 қазанда Кеген ауданында ет өңдеу комбинаты (2,5 млрд теңге) және «Compass Group» сервистік кешені (2,8 млрд теңге) іске қосылады
Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press
#РеспубликаКүні #Алматыоблысы #мереке #Қазақстан #жаңалықтар



