Вторник, 3 ноября, 2026
Басты бетЖаңалықтар🌿 Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

🌿 Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

 

Алматы облысында республикалық экологиялық бағдарлама аясында ауқымды тазалық шараларына **911 мыңнан астам** тұрғын қатысып, өңір аумағынан **20 мың тоннадан астам** қоқыс шығарылды.

Жыл басынан бері өңірде **37 жалпыхалықтық сенбілік** өткізілді. Оған мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері, жастар ұйымдары, еріктілер, бизнес өкілдері мен жергілікті тұрғындар белсенді қатысты.

Экологиялық акциялар барысында атқарылған жұмыстар:
🧹 911 312 адам қатысты
🗑 20 877 тонна қалдық шығарылды
🌳 12 940 гектар аумақ қоқыстан тазартылды
🌱 124 781 түп ағаш отырғызылды
🚛 5 289 техника жұмылдырылды

31 қазанда кезекті жалпыхалықтық сенбілік өтті. Оған **28 971 адам** қатысып, бір күннің ішінде **444 тонна** қоқыс шығарылды, **485 гектар** аумақ тазартылды. Жиналған қалдықтардың бір бөлігі қайта өңдеуге жіберу үшін сұрыпталды.

«Таза Қазақстан» бастамасының негізгі мақсаты — тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру және табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру.

Подписывайтесь на нас: Atameken_press

#ТазаҚазақстан #Алматыоблысы #сенбілік #экология #қоқыс #ағашотырғызу #Қазақстан #новости

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments