Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы нарығын реттеу мен дамытудың биылғы 8 айдағы нәтижелері туралы есепті тыңдады.
Негізгі көрсеткіштер:
📈 Банктердің активтері 75,6 трлн теңгеге дейін өсті (+6,9%)
📊 Капиталдың жеткіліктілігі — 20,7%
🔍 8 айда 279 инспекторлық тексеру жүргізіліп, 190 қадағалау шарасы қолданылды
💰 Салынған айыппұл сомасы — 465 млн теңге
❌ Микроқаржыландыру және коллекторлық нарықта 13 субъект лицензиясынан айырылды, 6-ның лицензиясы уақытша тоқтатылды, 4 коллекторлық агенттік тізілімнен шығарылды
Кредиттеу және халықты қорғау:
🔹 Бизнеске арналған кредиттер 16 трлн теңгеге жетті (+3,5%)
🔹 Жаңадан берілген кәсіпкерлік кредиттер 12,5 трлн теңге (+19,1%)
🔹 Тұтынушылық несие өсімі 4,6%-ға дейін баяулады
🔹 Шілдеден бастап Finkelisimkz платформасы іске қосылды
🔹 Жыл соңына дейін Бірыңғай қаржы омбудсмені кеңсесі жұмыс істейді
Цифрландыру және болашақ:
🤖 Агенттік FinAI бірыңғай қадағалау платформасын құрды
📜 Жыл соңына дейін ЖИ енгізу стратегиясы әзірленеді
📋 2030 жылға дейінгі Капитал және сақтандыру нарығын дамыту бағдарламасы жасалуда
Мемлекет басшысы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, ЖИ-ді кеңінен пайдалану, экономиканың нақты секторын кредиттеуді арттыру және капитал мен сақтандыру нарығын дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.
#ҚаржыНарығы #Әбілқасымова #Тоқаев #Ақорда #банктер #кредиттеу #цифрландыру #ЖИ #Қазақстан
Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press


